Байқауға жаңадан келгендер мен тұрақты қатысушылар өз өнімдерін көрермендер мен қазылар алқасының сотына қойды. Биылғы жылы үздік үш номинация үшін 70 жергілікті компания бақ сынады. Байқаудың тұрақты қатысушысы "Дәулет" индустриялық аймағы "Дәулет Нан" нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерін, "Дәулет Су" суын, "Дәулет" макароны мен ұнын, "Қарат" консервілерін және тағы басқаларын ұсынды. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов "Дәулет" брендімен шығарылатын өнімнің сапасын жоғары бағалады.