5 қазанда Атырау қаласы әкімдігінің өкілдері мен Мезитли қаласының мэрі Тархан Нешет бастаған Түркиядан келген делегация "Дәулет" индустриалды аймағының жұмысымен танысты. Қонақтарға диірменнің жұмысы, макарон, су өндірісі көрсетіліп, өндірілген нан-тоқаш өнімдері, сондай-ақ тігін цехының жұмысы таныстырылды. Делегация өкілдері "Дәулет су", "Дәулет нан", "Дәулет ұн", макарон және тігін цехының жұмыстарымен танысып, оң баға беріп, ынтымақтастық туралы ұсыныстарды талқылады.